Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары 9–11 сынып оқушылары арасындағы ғылыми жобалар республикалық конкурсының аудандық кезеңінде жүлделі орындарды иеленді.
Бірінші орынды 9-сынып оқушысы Сағатбек Бекжан жеңіп алды. Екінші орынға сол сыныптың оқушысы Сабабаев Данияр ие болды. Оқушылардың жұмыстары ғылыми жетекші Сатыбалдинов Е.А. жетекшілігімен дайындалды.
Ғылыми жобалар конкурсы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға және ғылымға деген қызығушылығын қолдауға бағытталған. Аудандық кезең жеңімпаздары жұмыстарын облыстық кезеңде ұсына алады.
Успен аудандық білім бөлімі жеңімпаз бен жүлдегерді, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшісін құттықтап, облыстық кезеңде сәттілік тілейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








