Пәндік олимпиадаларға дайындық нәтиже береді: Успен ауданының оқушысы республикалық кезеңнің жүлдегері атанды

    1 / 2

    Успен ауданындағы «Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ 10 сынып оқушысы Аружан Ибраева «Ауыл олимпиадасының» республикалық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен III орынды иеленді. Жарыс 9–11 сынып оқушылары арасында өтті.

    Республикалық кезеңдегі жүлделі орын оқушының пән бойынша жоғары дайындығын көрсетеді.

    Аружанды жарысқа мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі дайындады. Бұл нәтиже оқушының табанды еңбегінің, ұстазының кәсіби қолдауының және мектеп ұжымының бірлескен жұмысының жемісі.

    Успен ауданының білім бөлімі Аружан Ибраеваны жетістігімен құттықтап, ағылшын тілі пәні мұғаліміне, мектеп басшылығына және педагогикалық ұжымға дарынды оқушымен жүргізген жұмысы үшін алғыс білдіреді.

    Оқушының республикалық деңгейдегі жетістігі ауыл мектептерінде пәндік олимпиадаларға дайындық жұмысының нәтижелі екенін көрсетеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары