Жетісуда денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын сайлаушылар үйден дауыс беруде

    1 / 3

    Жетісу облысында белгіленген тәртіппен үйден дауыс беру ұйымдастырылуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Атап өтсек,учаскелік сайлау комиссияларынаденсаулық жағдайына байланыстынемесе сырқат адамға қарау себебіне байланысты сайлаушыны үйден дауыс берушілер тізіміне қосу туралы жазбаша өтініштер сағат 12.00-ге дейін қабылданды.

    Аталған өтініштер негізінде комиссия мүшелері мен байқаушылар сайлаушылардың мекенжайларына жылжымалы дауыс беру жәшігін алып барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасауда.Сайлаушылар белгіленген тәртіппен бюллетень алу үшін жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, өтінішке қол қояды.

    Барлық рәсімдер құпия дауыс беру қағидатын және санитарлық-құқықтық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.

    Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Фотосуреттерді аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының әкімдігі" жаңалықтары