Жетісу облысының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Жетісу облысы Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Шығысында орналасқан. Облыс аумағы 11 млн 846 мың га (118 мың шаршы км), халқы - 699,1 мың адам құрайды.

    Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Жетісу облысының құрамына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған, Текелі қалалары кіреді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    «Мал шаруашылығы саласындағы субсидия бағдарламаларындағы өзгерістер» тақырыбындағы интернет-конференция

    « Мал шаруашылығы саласындағы субсидия бағдарламаларындағы өзгерістер » тақырыбындағы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға мына сілтеме бойынша қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/conference/5714

    16 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жетісу облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

    Республика күні қарсаңында Жетісу өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады. Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады. Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар. Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Жетісу облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады. Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «Republic Day» республикалық акция с ына қатысатын сауда нысандарының тізімі № Сауда нысанының атауы Сауда нысанының мекенжайы 1 «Алматы-1» сауда үйі Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83 2 «Алматы-2» сауда үйі Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83 3 «Астана-1» сауда үйі Талдықорған қаласы, Ақын-Сара көшесі, 112 4 «Астана-2» сауда үйі Талдықорған қаласы, Ақын-Сара көшесі, 112 5 «Болашақ» сауда үйі Талдықорған қаласы, Дарабоз ана көшесі, 91 6 «Жетісу» сауда үйі Талдықорған қаласы, Ақын-Сара көшесі, 114 7 «ЦУМ» сауда үйі Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі, 46 8 «Евразия» сауда үйі Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51 9 «Шаған» сауда үйі Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51А 10 «Дәулет» сауда үйі Талдықорған қаласы, Жастар шағын ауданы, 51А «Bereke Fest» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі № Сауда нысанының атауы Сауда нысанының мекенжайы 1 «Тоймарт» сауда желісі Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 54 2 «Small» сауда желісі Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 274 3 «Magnum» супермаркеті Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 20 4 «Food Mart» супермаркеті Талдықорған қаласы, Рақышев көшесі, 1 5 «As-mart» супермаркеті Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 222 6 «Family market» супермаркеті Талдықорған қаласы, Ескелді би, көшесі, 47 7 «Магнит» супермаркеті Талдықорған қаласы, Уалиханов көшесі, 206 8 «Центральный» супермаркеті Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі, 34 9 «Восток» шағынмаркеті Талдықорған қаласы, Шығыс шағын ауданы 10 «Дархан» шағынмаркеті Талдықорған қаласы, Уалиханов көшесі, 183 11 «Мандарин» шағынмаркеті Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 298

    17 қазан 2026 ж. – 27 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз

    Құрметті кәсіпкелер мен ұйымдар! Сіздерді 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі. Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі. Өткізу орны: Талдықоған қаласы, 8 ықшам ауданы, Астана даңғылы, 2 А Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының ғимараты. Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Атаулы әлеуметтік көмегінің көрсетілу тәртібін, оларды алу шарттарын түсіндіру» тақырыбындағы интернет-конференция

    «Атаулы әлеуметтік көмегінің көрсетілу тәртібін, оларды алу шарттарын түсіндіру» тақырыбындағы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға мына сілтеме бойынша қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/conference/5712

    7 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін қоғамдық жайылымдармен қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы интернет-конференция

    «Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін қоғамдық жайылымдармен қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Жетісу облысының жер қатынастары басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға мына сілтеме бойынша қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/conference/5716

    3 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама жүргізу анонсы

    Құрметті азаматтар! «Ашық диалог» порталында маңызды мәселелер бойынша сіздердің пікірлеріңізді білу мақсатында «Азаматтардың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын, салауатты өмір салтын сақтау деңгейін анықтау және МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттандыру» туралы жаңа сауалнама басталады. 📅 Сауалнама өткізу мерзімі: 03.06.2026 ж. – 13.06.2026 ж.. 🕐 Қатысу уақыты: тәулік бойы қолжетімді 🌐 Сауалнамаға сілтеме: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7075 Сіздердің пікірлеріңіз жұмысымызды ашық әрі тиімді етуге көмектеседі. Сауалнамаға порталдың барлық тіркелген пайдаланушылары қатыса алады. Өз үлестеріңізді қосып, өңіріміздің дамуына атсалысыңыздар! Сіздердің белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамыз!

    3 маусым 2026 ж. – 13 маусым 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бар. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекенжайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім беруге болады.

    Сұрақ

    Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері қандай?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүргізеді?

    Жауап

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. Мұндай ұйымдар туралы ақпаратты «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан немесе оның жергілікті бөлімдерінен біле аласыздар.

    Сұрақ

    Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 75 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа); 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу; 3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу; 4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру; 5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.

    Сұрақ

    Тұрғын үйді тегін жекешелендіруге кім құқылы?

    Жауап

    Тегін жекешелендіру құқығына ие 11 санат бар, олар: - Ұлы Отан соғысының ардагерлері; - 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; - саяси қуғын-сүргін құрбандары; - Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар; - ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар; - Арал маңы өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтар; - бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде жарақат, контузия немесе мертіккен салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; - 20 жыл және одан көп қызмет өтілі бар әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері; - қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасы мүшелері; - ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар; - 20 жыл және одан көп қызмет өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері.

    Хаттама

    Облыстың 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және ІV тоқсанға арналған міндеттер туралы

    Облыстың 2026 жылдың 9 айындағыәлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және ІV тоқсанға арналған міндеттер туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру күні тіркеусіз азаматтарды тіркеу үшін сайлау учаскелері туралы МӘЛІМЕТТЕР

    Дауыс беру күні тіркеусіз азаматтарды тіркеу үшін сайлау учаскелері туралыМӘЛІМЕТТЕР

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауды сайлаушылардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «Цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисіне қолжетімділік алу үшін сайлау учаскелер тізімі

    Жетісу облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауды сайлаушылардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «Цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисіне қолжетімділік алу үшін сайлау учаскелер тізімі

    Жарияланды:
    Анықтама

    Жетісу облысының әкімі Б.Ө. Исабаевтың Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

    Жетісу облысының әкімі Б.Ө. Исабаевтың Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы «30» қазандағы жағдай бойынша Жетісу облысының әкімдігінің ақпараты

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы «30»қазандағы жағдай бойынша Жетісу облысының әкімдігінің ақпараты

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысы туралы Жетісу облысы бойынша АҚПАРАТ

    Партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысы туралы Жетісу облысы бойынша АҚПАРАТ

    Жарияланды: