Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жетісу облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 75 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 22-тармағына сәйкес құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

    1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);

    2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;

    3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;

    4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

    5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

    Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз...

    Сұрақ

    Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері қандай?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүргізеді?

    Жауап

    Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. Мұндай ұйымдар туралы ақпаратты «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан немесе оның жергілікті б...

    Сұрақ

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі?

    Жауап

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.

    Сұрақ

    Тұрғын үйді тегін жекешелендіруге кім құқылы?

    Жауап

    Тегін жекешелендіру құқығына ие 11 санат бар, олар: - Ұлы Отан соғысының ардагерлері; - 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; - саяси қуғын-сүргін құрбандары; - Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар; - ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар; - Арал маң...

    Сұрақ

    Қамқоршылар мен қорғаншыларға баланы асырауға ай сайынғы жәрдемақы қандай мөлшерде төленеді?

    Жауап

    Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектел...