Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жүргiзiледi.
"Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.