1 / 3
Бүгін Ақтөбедегі сайлау учаскелерінде жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен азық-түлік және қолөнер бұйымдарының шағын жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Тұрғындар құс еті, балық, ет және сүт өнімдерін нарықтағы бағадан төмен бағамен сатып ала алады. Мұндай бастамалар отандық тауар өндірушілерді қолдауға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.
Осындай сауда алаңдарының бірі №541 сайлау учаскесінде ұйымдастырылды. Онда Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жәрмеңке жұмысымен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен тілдесті. Сондай-ақ өңірде отандық өнім өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









