Асхат Шахаров ақтөбеліктерді мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасауға шақырды

    1 / 8

    Бүгін, елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Ақтөбе облысында 579 141 сайлаушы бар.

    Аймақ басшысы Асхат Шахаров та №541 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

    Дауыс беру процесін облыс бойынша 721 сайлау комиссиясы ұйымдастыруда. Оның ішінде 14-і – аумақтық, 185-і – округтік және 522-сі – учаскелік сайлау комиссиялары. Барлық сайлау учаскесі белгіленген уақытта ашылып, жұмыстарын бастады.

    Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында сайлаудың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталды.

    «Биыл 1 шілдеде жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енді. Ата Заң мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты.
    Бұл науқанның өңіріміз үшін маңызы зор. Өйткені мәслихаттардың – мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны ерекше. Біздің Конституциямыздың негізінде жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктері кеңейіп, өңірді дамытуға қатысты шешімдер қабылдаудағы жауапкершілігі артатын болады.
    Бүгінгі сайлау нәтижесінде халықтың сеніміне ие болған депутаттармен бірлесіп, өңірімізді дамыту бағытындағы келелі істерді жалғастыратын боламыз. Басты мақсат – халықтың мүддесіне қызмет ету және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту.
    Ақтөбе облысындағы сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілді. Азаматтардың өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асыруына ешқандай кедергі жоқ. Өңірде сайлаушылардың ерекше белсенділігі байқалады. Барша жерлестеріміздің әдеттегідей азаматтық жауапкершілік танытып, сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасайтындығына сенемін», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары