Ақтөбе қаласындағы «Табыс» әлеуметтік базарларында тұрақтандыру қорының көкөністері саудаға шығарылды. Алғашқы кезеңде қала тұрғындарына жалпы көлемі 10 тонна құрайтын картоп, пияз және сәбіз ұсынылды.
Атап айтқанда, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік базарларға 7 тонна картоп, 2 тонна пияз және 1 тонна сәбіз жеткізді.
Тұрақтандыру қоры есебінен ұсынылған өнімдердің бағасы:
* Картоп – 175 теңге/кг;
* Пияз – 110 теңге/кг;
* Сәбіз – 179 теңге/кг.
Бұл – қала тұрғындарын күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Корпорация алдағы уақытта да қорды толықтыру, сұранысқа ие көкөністерді сатып алу және оларды әлеуметтік базарларға кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстарын жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









