1 / 2
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергені туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Бүгін мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бердім. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға.
Сайлау – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, қаланың одан әрі дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мәслихат елорда мен оның тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Астанада дауыс беру үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Сайлау учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









