Бүгін, 29 қараша күні Астанада қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Денсаулығына байланысты немесе науқас жақынына күтім жасауына орай сайлау учаскесіне келе алмайтын елорда тұрғындары өздері жүрген жерде-ақ дауыс бере алады.
Үйден дауыс беру үшін сайлаушылар сайлаушылар тізіміне енгізілген жері бойынша учаскелік сайлау комиссияларына жазбаша өтініш берген. Өтініштер сайлау күні сағат 12:00-ге дейін қабылданды.
Бүгін өтініште көрсетілген мекенжайларға учаскелік сайлау комиссиясының кемінде екі мүшесі барады. Олар өздерімен бірге бюллетеньдер мен тасымалданатын дауыс беру жәшігін алып жүреді. Бюллетень алу үшін сайлаушы жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, өтінішке қол қояды.
Үйден дауыс беру кезінде де сайлау учаскесіндегідей дауыс беру құпиясы сақталады. Байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері комиссия мүшелерімен бірге сайлаушылардың мекенжайына баруға құқылы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








