«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ«Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленіп жатқаны туралы хабарлайды.
Облыстың медицина ұйымдарынан пациенттерде «Жүйелік склероз», «Көп миелома», «Акромегалия», «Жүйелі қызыл жегі», «Шегрен ауруы», «Миастения», «Перифериялық нервтер мен вегетативті жүйке жүйесінің қатерлі ісігі», «Бехчет ауруы», «Прогрессивті жүйелік склероз. Шарп ауруы», «Склероз», «Созылмалы лимфоцитарлық лейкемия», «Қолқа доғасы синдромы (Такаясу)» сияқты аурулардың ауыр ағыны туралы және оларды«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес амбулаториялық деңгейдедәрілік заттармен, арнайы емдік өнімдермен, медициналық бұйымдармен қосымша қамтамасыз ету туралы өтінім хаттар түсуіне байланысты«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 13 маусымдағы шешіміне өзгеріс енгізу жолымен қажетті дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосу бастамасын енгізеді.
Осы жобаны әзірлеудің мақсаты Солтүстік Қазақстан облысында белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтар үшін тегін негізде амбулаториялық деңгейде тіркелмеген, қымбат тұратын, орфандық дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және мамандандырылған емдік тамақтануды сатып алу болып табылады. Қаржыландыру көлемі және пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамту толық емес болып қалуда, қосымша қаражат бөлу қажет, бұл пациенттерді дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз ету жөніндегі тетіктерді әзірлеуді талап етеді.
Мұндай аурулар денсаулық сақтау жүйесі тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып табылады. Осыған байланысты, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ аурулардың ауыр түрлерімен сырқаттанатын пациенттерге қымбат, бірақ өмірлік қажетті дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету өте маңызды деп санайды. Бұл уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсетуге, аурудың болжамын жақсартуға, пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға және мүгедектік пен өлім қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







