Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы

    Басқарма туралы

    Мекеменiң миссиясы:

    халық денсаулығын сақтауға және салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүргiзу.

    Мiндеттерi:

    салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, нысаналы және кешендiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;

    денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

    азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы салааралық ынтымақтастықты дамыту;

    медициналық қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.

    Функциялары

    денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және өңiрлiк денсаулық сақтау бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

    азаматтарды және оралмандарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, медициналық көмекпен, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

    бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторингтi жүзеге асыру;

    денсаулық сақтаудың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң функцияларын жүзеге асыру;

    Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру;

    амбулаториялық деңгейде уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес — Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде профилактикалық препараттарды сатып алуды жүзеге асыру:

    медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ күрделi жөндеу жүргiзуге арналған қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру;

    облыстың медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

    денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

    жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;

    төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

    денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

    гигиеналық оқытуды, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;

    халықты әлеуметтiк маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

    азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;

    тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде статистикалық әдiснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;

    облыстың ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды жүргiзу;

    өз құзыретi шегiнде гендерлiк саясатты iске асыру;

    Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметтi, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

    фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елдi мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерi, жылжымалы дәрiхана пункттерi арқылы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыру үшiн медициналық бiлiмi бар мамандарды оқыту және аттестаттау;

    денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды өткiзу;

    өз құзiретi шегiнде мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

    медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

    Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органының мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктерлi жүзеге асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

    Ашу

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымын өткізуге Конкурс

    Ашу

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланған кандидаттар тізімі

    Ашу

    Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

    Ашу

    «Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – кәсіпорын) Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

    Ашу

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттар тізімі

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ қалай беріледі?

    Жауап

    «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті берушіге) жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Портал арқылы өз бетінше жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжат тапсырылған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Электрондық форматта мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында «Жеке кабинетке» жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тиісті нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

    ·
    Сұрақ

    «Жедел медициналық көмекті шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетудің мерзімдері қандай?

    Жауап

    Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап қоңырауды өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның барысында қоңыраудың жеделдігі санаты бойынша сұрыптау жүргізіледі. Жедел медициналық көмекті шақырудың жеделдігі санаттарының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақырту алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін).

    ·
    Сұрақ

    Медициналық ұйымдарға қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы. тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымы арқылы; «Электрондық үкіметтің» веб-порталы.

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектік алу үшін қандай негіздер бар, қайда жүгінуім керек?

    Жауап

    Медициналық ұйымдар ауруларға, жарақаттар салдарына және ақауларға байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізгеннен кейін, анатомиялық ақаулары бар адамдарды және дене функцияларының елеулі немесе күрт айқын бұзылулары бар емделмейтін және оңалту әлеуеті жоқ науқастарды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жібереді. Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай міндетті шарттардың бір мезгілде болуы негіз болып табылады: дене функцияларының тұрақты бұзылулары бар денсаулықтың бұзылуы; тіршілік ету әрекетінің шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсетуі, өз бетінше жүріп-тұруы, бағдарлануы, қарым-қатынас жасауы, өзінің мінез-құлқын бақылауы, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінің немесе мүмкіндігінің толық немесе ішінара жоғалтуы); әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі. Ағзаның жасқа байланысты өзгерістері мүгедектік тобын белгілеуге негіз болып табылмайды.

    ·
    Сұрақ

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қандай НҚА-ға сәйкес жүзеге асырылады?

    Жауап

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде қамтылатын адамдарға медициналық көмектің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар пациенттерге қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тегін беріледі?

    Жауап

    Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 тамыздағы №ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    ·