Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ қалай беріледі?

    ·
    Сұрақ

    Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ қалай беріледі?

    Жауап

    «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті берушіге) жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

    Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Портал арқылы өз бетінше жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжат тапсырылған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

    Электрондық форматта мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында «Жеке кабинетке» жібереді.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тиісті нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Жедел медициналық көмекті шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетудің мерзімдері қандай?

    Жауап

    Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап қоңырауды өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның барысында қоңыраудың жеделдігі санаты бойынша сұрыптау жүргізіледі. Жедел медициналық көмекті шақырудың жеделдігі санаттарының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақырту алған сәттен бастап пациен...

    ·
    Сұрақ

    Медициналық ұйымдарға қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы. тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымы арқылы; «Электрондық үкіметтің» веб-порталы.

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектік алу үшін қандай негіздер бар, қайда жүгінуім керек?

    Жауап

    Медициналық ұйымдар ауруларға, жарақаттар салдарына және ақауларға байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізгеннен кейін, анатомиялық ақаулары бар адамдарды және дене функцияларының елеулі немесе күрт...

    ·
    Сұрақ

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қандай НҚА-ға сәйкес жүзеге асырылады?

    Жауап

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-...

    ·
    Сұрақ

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар пациенттерге қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тегін беріледі?

    Жауап

    Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәріл...

    ·