Мүгедектік алу үшін қандай негіздер бар, қайда жүгінуім керек?

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектік алу үшін қандай негіздер бар, қайда жүгінуім керек?

    Жауап

    Медициналық ұйымдар ауруларға, жарақаттар салдарына және ақауларға байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізгеннен кейін, анатомиялық ақаулары бар адамдарды және дене функцияларының елеулі немесе күрт айқын бұзылулары бар емделмейтін және оңалту әлеуеті жоқ науқастарды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жібереді.

    Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай міндетті шарттардың бір мезгілде болуы негіз болып табылады:

    1. дене функцияларының тұрақты бұзылулары бар денсаулықтың бұзылуы;
    2. тіршілік ету әрекетінің шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсетуі, өз бетінше жүріп-тұруы, бағдарлануы, қарым-қатынас жасауы, өзінің мінез-құлқын бақылауы, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінің немесе мүмкіндігінің толық немесе ішінара жоғалтуы);
    3. әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі.

    Ағзаның жасқа байланысты өзгерістері мүгедектік тобын белгілеуге негіз болып табылмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ қалай беріледі?

    Жауап

    «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, денсаулық сақтау субъектісіне (көрсет...

    ·
    Сұрақ

    «Жедел медициналық көмекті шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетудің мерзімдері қандай?

    Жауап

    Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап қоңырауды өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның барысында қоңыраудың жеделдігі санаты бойынша сұрыптау жүргізіледі. Жедел медициналық көмекті шақырудың жеделдігі санаттарының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақырту алған сәттен бастап пациен...

    ·
    Сұрақ

    Медициналық ұйымдарға қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы. тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымы арқылы; «Электрондық үкіметтің» веб-порталы.

    ·
    Сұрақ

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қандай НҚА-ға сәйкес жүзеге асырылады?

    Жауап

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-...

    ·
    Сұрақ

    ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар пациенттерге қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тегін беріледі?

    Жауап

    Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәріл...

    ·