ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар пациенттерге қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тегін беріледі?
Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 тамыздағы №ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.