Петропавлда медицина саласына ондаған жыл ғұмырын арнап, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетілді.

    Петропавлда медицина саласына ондаған жыл ғұмырын арнап, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетілді.

    Қарттар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты кездесу Ж. Тлеулин атындағы жоғары медициналық колледжде өтті. Бұл күні 17 медицина қызметкеріне алғыс білдіріліп, лайықты марапаттар табысталды.

    Көп жылғы адал еңбегі үшін Айыртау аудандық ауруханасының фельдшері Ақтамар Омарова «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

    Ардагерлерге Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Амрин жылы лебізін білдірді. Ол медицина қызметкерлеріне мамандыққа адалдығы, жоғары кәсібилігі және халыққа ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткені үшін алғыс айтты.

    Кездесу ардагерлерге арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары