Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарында дзюдодан командалық бәсекеде күміс жүлдеге ие болды. Ел намысын командалық жарыста өңіріміздің спортшылары Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев қорғады.

    Қазақстандық дзюдошылар ширек финалда Қырғызстан құрамасын 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Ал финалдық бәсекеде Жапония құрамасына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

    Осылайша, Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

    Айта кетейік, бұған дейін жерлесіміз Ажар Асхат Азия ойындарында дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болған еді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары