«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК конкурс жаряилайды

    « Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі- кәсіпорын) Бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

    Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорынның мекенжайы: Петропавл қаласы, М.Әуезов к, 130 тел: 8 715-2-52-70-13.

    Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар: жоғары білімі сондай-ақ төмендегі талаптардың бірі болуы тиіс:

    1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі;

    2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық қызметте кемінде кемінде үш жыл басшылық қызмет тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары);

    3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) /құқық салаларындағы қоғамдық бірлестіктерде мүшелігі.

    Үміткер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мына мекенжай бойынша : Петропавл қаласы, Театральная к, 56 а, 23-каб. келесі құжаттарды ұсынады:

    1. конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
    2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
    3. өмірбаян (еркін түрде);
    4. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    5. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
    6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмесі ;
    7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотталмағанын және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтары болмағанын растайтын құжаттар.

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін жоғарылатуы, ғылыми дәрежелер мен атақтар алғаны, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттар көшірмесі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) қатысты қосымша ақпарат бере алады.

    Қатысушы «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конкурстық өтініштің түпнұсқасын конвертке салып жібереді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Мұнан соң конверт тағы конвертке салынып жабылады.

    Ішкі және сыртқы конверттер:

    1. Сәйкесті саланың өкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шақыруда немесе бұқаралық ақпарат құралында көрсетілген мекенжай бойынша жолдануы тиіс;
    2. « Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» сөздері және «2026 04.12. 16 сағат 00 минутқа дейін «АШУҒА БОЛМАЙДЫ» сөздері болуы тиіс.

    Конкурстық өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада жолданады. Бақылау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс 2026.10.12. сағат 16.00. мына мекенжайда өткізіледі: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56а, 20-каб. Анықтама алу телефоны: 46-94-91.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары