Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. Әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы, өз құқықтары мен міндеттерін білуі, айналасындағыларға құрметпен қарауы – құқықтық мәдениеттің маңызды көрінісі.
Қоғамда заң үстемдігі орнаған кезде азаматтардың құқықтары қорғалып, әділдік пен жауапкершілік қағидаттары нығая түседі. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор.
Тәртіпті қоғам қалыптастыру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтап, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымға айналдыру арқылы біз қауіпсіз әрі әділетті мемлекет құруға үлес қосамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







