Өскемен қаласында қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар полиция бақылауында

    1 / 3

    Өскемен қаласында қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар полиция бақылауында

    Тұрғын үйлердің аулалары мен көшелер — баршаға ортақ кеңістік. Ондағы тәртіп әр адамның іс-әрекетіне байланысты. Алайда барлығы бірдей белгіленген талаптарды сақтай бермейді.

    Мәселен, облыс орталығында тұрғын үйлердің аулаларында алкогольдік ішімдіктерді ішуге қатысты екі дерек тіркелді. Оның бірі Астана көшесінде, екіншісі Оралхан Бөкей көшесінде болған. Екі дерек бойынша да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Сондай-ақ Астана көшесінде тағы бір құқық бұзушылық тіркелді. Ер адам пластик стаканды жерге тастап, қоғамдық аумақты ластаған. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігінде көзделген абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

    Қоғамдық орындар өз үйінің табалдырығымен ғана аяқталмайтынын түсіну маңызды. Аулаларға, көшелерге және ортақ пайдаланылатын орындарға әркім өз аумағындай ұқыптылықпен қарауы қажет.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары