АЯГӨЗ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    2026 жылғы 30 қазанда Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Асхат Адилжанның төрағалығымен Үшжақты әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
    Жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Еділұлы Жөкебаев Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.
    Отырыс барысында аудан аумағындағы еңбек қатынастарының жай-күйі, еңбек заңнамасының сақталуы, шаруа қожалықтарында еңбек құлдығы мен балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу мәселелері қаралды.
    Сонымен қатар, адам саудасына қарсы іс-қимыл және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бағытында құқық қорғау органдарымен бірлескен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
    Аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Еділұлы Жөкебаев, Аягөз ауданы полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Ботагөз Таупбекқызы Таупбекова баяндама жасады.

    Отырыс қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу және азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

    Еңбек құқықтарын қорғау – ортақ міндет!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары