Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен еңбек заңнамасы бойынша семинар өткізілді.

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары, мемлекеттік еңбек инспекторы К.Е. Жөкебаев Абай облысы бойынша Мемлекеттік аннуитеттік компания филиалының басшысы А.Р. Базыловтың қатысуымен Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

    Семинар барысында еңбек шарттарын жасасу, олар туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік мәселелері қаралды.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары