Еңбеккерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесу өткізілді

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде ГАК филиалының директоры Асқар Рамазанович Базыловпен кездесу өткізілді.

    Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу бағытындағы өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары