Түркістан облысында шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі пысықталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 4

    Кеңесте су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары талқыланды.

    Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірлік көліктік бақылау инспекциясы және Полиция департаментімен бірлесіп, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

    Жиын барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау, кеме жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өзара іс-қимылды жетілдіріп, бірлескен рейдтік және профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыруға уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары