Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиында ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі атап өтілді.
Іс-шара барысында бірқатар азаматқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төсбелгілері табысталып, облыс әкімінің және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттары берілді.
Марапаттар қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және ел игілігі жолындағы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге табысталды.
Республика күні – еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық бірлігін және мемлекеттілігін дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел игілігі үшін қызмет етудің маңызын айқындайды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы марапат иелерін құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық және елімізге тыныштық тілейді!









