Ұлытау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы мен күштік құрылымдар арасында тапаншамен практикалық атудан IPSC жарысы өтті. Республика күніне арналған сайысқа бес команда қатысып, мергендігі мен қаруды меңгеру шеберлігін көрсетті.
Жарысты «ARLAN» спорт клубы ұйымдастырды. Сайыста «Арлан 1», «Арлан 2», «Қалқан», «Бүркіт» және «Ұлытау облысы ПД» командалары бақ сынады.
Командалық есепте бірінші орынды оқу-жаттығу взводының командасы иеленді. Екінші орынға «Қалқан» командасы тұрақтаса, үшінші орын Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың «Бүркіт» командасына бұйырды.
Жеке есепте де Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды.









