«Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күніне орай және адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының әкімі М. Ахметжановтың атынан марапатқа ие болды.
Атап айтқанда:
«Алғыс хатпен» – Басқарма басшысының орынбасары Халел Әди Ахмарұлы марапатталды.
«Құрмет грамотасымен» – «Аумақтық, азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қызметі» КММ кадрлар жөніндегі маманы Ережепова Қарлығаш Қанапияқызы марапатталды.
Әріптестерімізді заңды марапаттарымен құттықтаймыз! Отанға қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық және жаңа кәсіби табыстар тілейміз!






