Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

    1 / 5

    2026 жылғы 17 қарашада Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

    Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес үш негізгі мәселе қаралды:

    🔹 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық. Су тасқынының алдын алу шаралары, өңірдің дайындық деңгейі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    🔹 Газбен жабдықтау объектілерін пайдалану. Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және газбен жабдықтау объектілерінің жай-күйіне тиісті бақылау жүргізу мәселелері қарастырылды.

    🔹 «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру. Бағдарламаның орындалу барысы, ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік жүйесін дамыту және жедел әрекет ету мәселелері талқыланды.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

    Басты мақсат — төтенше жағдайлардың алдын алу, қажетті шараларды уақтылы қабылдау және Ақмола облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ" жаңалықтары