Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшісі, әріптесіміз Байсеитова Самал Азханқызы «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына белсенді қатысып, кітап оқуға деген қызығушылығы мен ізденімпаздығы үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Аталған марафон аясында Самал Азханқызы 15 кезеңнен тұратын зияткерлік жобаның 5-кезеңін сәтті аяқтап, білімге деген құштарлығы мен тұрақты ізденісін көрсетті. Осы жетістігі үшін марафонды ұйымдастырушы қоғамдық қордың атынан арнайы сертификатқа ие болды.
«Кітап оқитын ұлт» марафонының басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандардың білім көкжиегін кеңейту, рухани дамуға және үздіксіз ізденіске ынталандыру.
Айта кетейік, республикалық марафон 2027 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Алда қатысушыларды жаңа кітаптармен танысуға, білімдерін толықтыруға және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған келесі кезеңдер күтіп тұр.
Әріптесіміз Самал Азханқызын лайықты жетістігімен құттықтай отырып, алдағы кезеңдерде де толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









