Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы ветеринария саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мамандарды марапаттады.
Атап айтқанда, сала мамандарына «Ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атынан бірқатарына «Ветеринарияның құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталып, алғыс хаттар берілді.
Марапаттау барысында Бақыт Аязұлы ветеринария саласы қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен еңбегінің маңыздылығына тоқталып, олардың кәсіби біліктілігі мен адал қызметі өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар, алдағы уақытта да салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, кәсіби жетістіктерімен және ветеринарияның дамуына қосқан үлесімен ерекшеленген мамандарды ынталандыру жұмыстары жалғасын табады. Бұл ретте ветеринария саласының ардагерлері де назардан тыс қалмай, олардың көп жылғы еңбегі мен тәжірибесіне лайықты құрмет көрсетілетін болады.
Еңбек еленсе – мерей өседі.Ветеринария саласының дамуына үлес қосып жүрген барша мамандарға алғыс білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









