Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде кіріс және шығыс құжаттарын сапалы әрі уақтылы орындау, мемлекеттік органдарға Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс жолдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерге, шағымдар мен сауалдарға мазмұны мен мәніне қарай сауатты, нақты әрі кәсіби жауап беру мәселелері қаралды.
Жиында басқарма басшысының орынбасары Олжас Көкей құжаттамамен жұмыс жүргізудің негізгі талаптарына кеңінен тоқталып, құжаттарды әзірлеу, ресімдеу, тіркеу және жүргізу барысында қолданыстағы талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, электрондық құжат айналымы жүйелерін дұрыс пайдалану, құжаттарды тиісті мемлекеттік органдарға уақытылы әрі қатесіз жолдау және тапсырмалардың орындалу мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге құжат айналымының сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен әрі белгіленген мерзімде орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.









