Дауыс беру – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі

    1 / 3

    29 қараша күні мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасында басқарма басшысы Бақыт Аязұлы Бетбаевтың төрағалығымен жиын өтті.

    Жиын барысында алдағы сайлау науқанының маңыздылығы сөз болып, қызметкерлердің азаматтық белсенділігі мен қоғамдық-саяси өмірге қатысуының мәні атап өтілді.

    Басқарма басшысы Бақыт Бетбаев өз сөзінде сайлаудың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі екенін атап өтіп, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы өз таңдауын білдіруі – азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігінің көрінісі екенін жеткізді.

    Сондай-ақ ол басқарманың барлық қызметкерін алдағы жексенбі, 29 қараша күні өтетін сайлауға қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалануға шақырды.

    «Ел болашағына бейжай қарамай, әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге белсенді атсалысуы маңызды. Дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз»,– деп атап өтті басқарма басшысы.

    Жиын қорытындысында қызметкерлерге сайлау күніне қатысты ақпараттар түсіндіріліп, азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығы жеткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары