Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын және Жамбыл облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы Бақыт Бетбаевтың қатысуымен «Ветеринария саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында брифинг өтеді.

    Баспасөз- парағы 2026 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1 217 427 бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілі. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,5 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (496 065 бас ірі қара, 3 810 851 бас ұсақ мал, 4 319 бас шошқа, 223 738 бас жылқы, 9 718 бас түйе малы, 4 556 бас тақ тұяқтылар) тіркелген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2026 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалуда. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 10,3 млн. манипуляция, диагностика бойынша 4,2 млн. манипуляция жүргізілді.

    8 қазан 2026 ж.Тікелей
    На площадке Жамбылского регионального коммуникационного центра
    ОтырысАяқталды

    «Ашық есік күні» акциясы өтеді

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы халық пен мемлекеттік орган арасындағы байланысты нығайту, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде сағат 16:30-18:00 аралығында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді. 📍 Өтетін мекенжайы: Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, №83 үй. Акция барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша басқарманың тиісті мамандарынан қажетті кеңес пен түсіндірме ала алады. Барша азаматтарды «Ашық есік күні» акциясына қатысуға шақырамыз!

    15 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Место проведения: город Тараз, улица Койгельды, дом №83
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру!

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы 2026 жылдың 1 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайтындығы туралы хабарлайды.

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ул.Койгельды, 83
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    Ағымдағы жылдың 2 маусымында сағат 16:30–18:00 аралығында облыс әкімдігінің ғимаратында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы азаматтарды жеке қабылдайды. Қабылдауға алдын ала жазылу ұсынылады.

    2 маусым 2026 ж.Тікелей
    в Центре приёма граждан, расположенном в здании областного акимата
    ОтырысАяқталды

    Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған облыстық спартакиада өтеді

    Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» қарсаңында биыл да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 қарашасы күні Тараз қаласындағы «Достық лайф» стадионында ветеринария саласы қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтеді. Жарыс ережесіне сәйкес қатысушылар армрестлинг, арқан тарту және кіші футбол сияқты спорт түрлері бойынша өзара бақ сынайды. Бұл шараның басты мақсаты – ветеринария саласы қызметкерлері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй сыйлау.

    21 қараша 2025 ж.Тікелей
    Тараз
    ОтырысАяқталды

    Брифинг өтеді

    Ағымдағы жылдың 17 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Облыстағы эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығы» тақырыбында брифинг өтеді. Іс-шараның спикері – Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Серік Съездбекұлы Бердыбаев болады.

    17 қазан 2025 ж.Тікелей
    Тараз
    Ақпарат

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының 2026 жылдың IІІ - тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    + аналитика госуслуг 3 квартал.docx

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ

    Картограмма Ветеринария - 2026.docx

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарының 9-айдың қорытындысы бойынша орындалуы туралы

    Проф диагност мероприятия на 9 месяцев.docx

    Жарияланды:
    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    Мемлекеттік сатып алу жоспары №84-Ө 2026-09-09

    Мемлекеттік сатып алу жоспары №84-Ө 2026-09-09

    Жарияланды:
    Есеп

    31.08.2026 жылғы қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп

    31.08.2026 жылғы қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Жарияланды: