«Оқырман ұлт» марафоны: кітап оқуға деген қызығушылық артуда

    1 / 2

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының қызметкерлері «Оқырман ұлт» республикалық кітап оқу марафонын қолдап, игі бастамаға белсенді түрде атсалысуда. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, халықтың рухани дамуына және білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған бұл марафонның маңызы зор. Өйткені кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытып, дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал.

    Осы орайда басқарма қызметкерлері марафонға белсенді қатысып, кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруда. Қазіргі таңда 15 кезеңнен тұратын марафонның үшінші кезеңіне жетіп, алға қойған мақсаттарына қарай жүйелі түрде қадам басып келеді.

    Аталған бастама қызметкерлер арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеуге де ықпал етеді.

    Кітап оқитын ұлт – ойы озық, рухы биік ұлт.Сондықтан «Оқырман ұлт» марафонын қолдау – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қосылған маңызды үлес.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары