Прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген киік жануарының денелері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматты анықтады.
Тексеру барысында күдіктінің үй ауласынан 5 дана киік басы, 58 дана киіктің өлі денесі, 3 қап киік терісі, 8 дана пышақ және 1 дана таразы тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта бір күдіктіге қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Құқық қорғау органдары ескертеді!
Табиғат байлығын қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Заңсыз әрекеттерге жол бермей, табиғатты аялауға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








