Қаланың батыс бөлігіндегі жаңа шағын ауданды электр қуатымен қамту үшін «Батыс» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Бас жоспарға сәйкес, бұл аумақта 88 көпқабатты тұрғын үй мен 67 әлеуметтік нысан салу көзделген.
Жобаның құны 2 млрд 622 млн теңгеден асады. Тапсырыс беруші — Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі, мердігер — «УниверсалСтройСервис» ЖШС.
Қазір құрылыс алаңында электр желілерін жүргізуге арналған траншеялар қазылып, құбырлар мен арнайы науалар орнатылуда. Қосалқы станцияның орны дайындалып, трансформаторлар қойылатын іргетас әзірленіп жатыр. Сондай-ақ қолданыстағы электр нысанын жаңарту жұмыстары жоспарланған.
Жұмысқа экскаватор, тиегіш, жүк көліктері мен басқа да арнайы техника жұмылдырылған. Жаңа қосалқы станция Батыс ауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды электр қуатымен қамтуға арналған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







