Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мүліктік құқықтарды қорғауға мүмкіндік береді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалы тұрғындар мен кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кез келген жылжымалы мүлікке кепілді ресми түрде ресімдей алатынын еске салады. Бұл қызмет қарапайым азаматтар мен бизнеске өзара уағдаластықтарын заңды түрде бекітуге және мүліктік құқықтарын сенімді қорғауға көмектеседі.

    Кепіл нысаны ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын әртүрлі жылжымалы мүлік, атап айтқанда, жабдықтар, техника, тауарлар және басқа да мүлік түрлері қарастырылуы мүмкін. Кепілді тіркеу тараптар арасындағы кепілдік қатынастарды ресми түрде бекітуге және мүліктік құқықтарды қорғауға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті өтінішпен және кепіл шартымен жүгінуі қажет. Құжаттарды рәсімдеу кезінде кепіл беруші, кепіл ұстаушы, кепіл нысаны және кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеме туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер тексерілгеннен кейін кепілді тіркеу рәсімі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде өтініш берушіге кепілдің тіркелгенін растайтын құжат беріледі немесе заңнамада көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту ұсынылады.

    Айта кетейік, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

    Мемлекеттік қызметті алу тәртібі бойынша қосымша ақпаратты азаматтар жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жезқазған қаласының әкімдігі" жаңалықтары