Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қала мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері арасында «Ой-өріс» зияткерлік сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – қатысушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар түрлі тапсырмалар бойынша білімдерін сынап, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Жезқазған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
ІІ орын – Жезқазған қаласының Полиция басқармасы;
ІІІ орын – Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкінің Ұлытау облысындағы филиалы мен Жезқазған қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас мамандары белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға мүмкіндік берді
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





