ЖҮКТІЛІК ПЕН БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

    Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алуға құқылы.
    Кімдер ала алады? Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және өздері үшін әлеуметтік аударымдар төленген әйелдер.
    Қашан өтініш беруге болады? Жүктіліктің 30-аптасынан бастап берілетін еңбекке жарамсыздық парағы негізінде. Өтінішті 12 ай ішінде беру қажет.
    Төлем мөлшері қалай есептеледі?
    Соңғы 12 айдағы орташа табыс ескеріледі.
    2026 жылы табыс шегі – 595 000 теңге (7 ЕТЖ).
    Қалыпты босану – 126 күн, асқынған босану немесе егіз бала – 140 күн.
    Егер жалақы 7 ЕТЖ-дан жоғары болса, жұмыс беруші айырмасын өтеуді қарастыра алады.
    Мемлекет пен жұмыс берушінің қолдауы – аналарға маңызды қаржылық көмек!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары