Екінші жыл қатарынан Қарағанды облысында білім, ғылым, спорт, шығармашылық және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген талантты жастарды қолдауға бағытталған «Қарағанды облысының үздік студенті - 2026» байқауы ұйымдастырылды.
17 қараша күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Студенттер сарайында байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар:
🥇 «Жылдың үздік студенті» – Асенбаев Самат Сәкенұлы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
🏅 «Жылдың үздік спортшысы» – Тойшыбекова Аида Ардаққызы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті;
🔬 «Жылдың үздік жас ғалымы» – Садық Жәдігер Орысбайұлы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
🎨 «Жылдың үздік шығармашыл студенті» – Крыкбаева Айшабибі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті;
🧠 «Жылдың үздік зияткері» – Дәулетханқызы Жансұлу, «Bolashaq» академиясы;
💃 «Жылдың үздік студенттік клубы» – «Жарқын» халықтық би ансамблі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті;
🤝 «Жылдың үздік волонтерлік клубы» – «Next Generation» волонтерлік ұйымы, Қарағанды медицина университеті.
🎤 Салтанатты кештің арнайы қонағы – әнші DUMAN MARAT өнер көрсетіп, мерекелік бағдарламаны толықтырды.
👏 Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жастарымыздың жетістіктері артып, білім мен еңбектегі табыстары жаңа белестерге жол аша берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









