🇰🇿 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - ЕСІРТКІСІЗ»: ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

    1 / 2

    🇰🇿 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - ЕСІРТКІСІЗ»: ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

    Қарағанды облысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен тұтынылуының алдын алу, сондай-ақ жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында «Қазақстанның болашағы – есірткісіз» тақырыбында облыстық байқау өткізіледі.

    Байқау жастардың есірткінің зияны туралы хабардарлығын арттыруға, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты нығайтуға бағытталған.

    📌 Байқау бес номинация бойынша ұйымдастырылады:

    1. 🎨 Сурет байқауы (14–18 жас) - есірткісіз өмір салтын бейнелейтін шығармашылық жұмыстар.
    2. 🎨 Сурет байқауы (19–35 жас) - байқау тақырыбына сәйкес авторлық туындылар.
    3. 📱 Instagram Reels – есірткінің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қысқаметражды бейнероликтер.
    4. 🎥 TikTok бейнероликтері - салауатты өмір салтының маңызын ашатын ақпараттық және шығармашылық контент.
    5. ✍️ Эссе байқауы - «Қазақстанның болашағы – есірткісіз» тақырыбындағы авторлық ой-толғамдар.

    📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10–20 қараша.

    📩 Өтінімдер мен байқау жұмыстары мына электрондық пошта арқылы қабылданады: [email protected]

    🏆 Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталады.

    📞 Қосымша ақпарат: +7 705 164 85 16.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары