«ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ!
Қарағанды облысында ауыл жастарының әлеуетін ашып, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсеткен «Ұлт қазынасы» жобасының қорытынды фестивалі өтті.
Фестивальде қатысушылар өз жетістіктері мен жобаларын таныстырып, жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетті. Бұл — ауыл жастарының ізденісі мен талпынысына, жаңа мүмкіндіктерге деген ұмтылысына арналған маңызды алаң.
📊 Жобаның негізгі нәтижелері:
▪️ Қарағанды облысының 7 ауданы мен 35 ауылы қамтылды;
▪️ 2 000-нан астам жас жобаға қатысты;
▪️ 16 кәсіби ментор жастарға бағыт-бағдар берді;
▪️ Кәсіби және тұлғалық дамуға арналған 48 бейнесабақ әзірленді.
🎓 Фестиваль барысында менторларға еңбегі мен жастарға берген қолдауы үшін «Ұлт мақтанышы», ал белсенді шәкірттерге «Ұлт үміті» статуэткалары табысталды.
«Ұлт қазынасы» — ауыл жастарының дарынын танытып, қабілетін дамытуға және өз жолын табуына мүмкіндік беретін жоба. Бүгінгі ізденіс — ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы.









