1 / 8
ҚАРАҒАНДЫДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Турнирге 30 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жас спортшылар алаңда командалық рухты, жеңіске деген жігерді және спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс жастардың басын қосып, салауатты өмір салтын насихаттауға, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
🏆 Турнирдің жалпы жүлде қоры 2 190 000 теңгені құрады.
Спорт - тек жеңіс пен нәтиже ғана емес, ол бірлікке, табандылыққа және ортақ мақсат жолында бірге әрекет етуге үйретеді.
Тартысты ойын, командалық қолдау және жеңіске деген ұмтылыс - турнирдің басты ерекшелігі. Қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!








