1 / 5
ЖАНДОС ТАСОВ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов құтқарушыларды қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты жиынға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Үсен Рахмет және қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қала әкімі азаматтық қорғау саласы мамандарының қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталып, олардың жауапты әрі қауіпті қызметіне жоғары баға берді.
«Құтқарушы болу – өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарап, қиын сәтте көмекке келу, адам өмірін қауіптен арашалап қалу. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің басты міндеті – құтқару, сақтау, көмектесу және қорғау. Сіздер қандай жағдайда да табандылық пен батылдық танытып, өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып келесіздер. Бұл – үлкен ерлік пен кәсіби шеберлікті талап ететін қызмет. Еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін», – деді Жандос Тасов.
Мерекелік жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып, сала жұмысына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкер облыс әкімінің және қала әкімінің алғыс хатымен, “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.









