Футбол 60 баланы біріктірді: Абай облысының прокуратурасы профилактикалық жұмысты жалғастыруда

    Абай облысының прокуратурасы «FC Semey» футбол клубымен бірлесіп, балаларға «Елорда» командасына қарсы футзалдан өткен үй матчына баруды ұйымдастырды.

    Іс-шара балалардың бос уақытын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға, оларды спорттық өмірге тартуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

    Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді, олардың бойында салауатты өмір салтына деген ұмтылысты, тәртіптілікті, жауапкершілікті және өзара сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Мұндай бастамалар жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

    Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды спортқа, мәдени және қоғамдық пайдалы іс-шараларға тарту бағытындағы жұмысты жалғастырып, олардың бос уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасайтын болады.

    60 бала — спортты, дамуды және салауатты өмір салтын таңдауға берілген 60 мүмкіндік.

    Абай облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының прокуратурасы" жаңалықтары