1 / 5
КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АРҚЫЛЫ ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АШЫЛДЫ
Кентау қаласының тұрғыны Ляззат Искакова мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз грант иегері атанып, «Балғын тәттілер» атты кафетерий ашты.
Кәсіпкер жаңа нысанда тұрғындарға күнделікті балғын әрі сапалы өнімдер ұсынады. Мұнда нан-тоқаш өнімдері тікелей кафетерий ішінде дайындалып, сатылымға шығарылады. Сондай-ақ келушілерге хош иісті кофе ұсынылып, дайын өнімдерді өзімен бірге алып кетуге де жағдай жасалған.
Айта кетейік, мемлекеттік грант кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қолдау көрсетіп, жаңа кәсіпкерлік бастамалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









