2026 жылы БКМ қолдану: салық төлеушілер нені білуі керек

    📢 Қарағанды облысы бойынша МКД хабарлайды: бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі

    💳 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110 және 111-баптарына сәйкес, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ақшалай есеп айырысу кезінде модельдері бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдану көзделген.

    📌 БКМ қолданудан кімдер босатылады?

    БКМ-ді міндетті түрде қолданудан мыналар босатылады:

    🔹 жеке тұлғалар;

    🔹 жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;

    🔹 билеттер беру арқылы қалалық қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау қызметтерін көрсететін тұлғалар;

    🔹 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер;

    🔹 діни бірлестіктер;

    🔹 Ұлттық пошта операторы (заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда);

    🔹 арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғалар.

    ⚖️ БКМ қолдану кезіндегі негізгі талаптар:

    🔹 ақшалай есеп айырысумен байланысты қызмет басталғанға дейін БКМ-ді салық органында есепке қою;

    🔹 төленген сомаға кассалық немесе тауар чегін беру;

    🔹 мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына БКМ-ге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

    🔹 бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген техникалық жағынан жарамды модельдерді пайдалану.

    📝 БКМ қолдану тәртібі сондай-ақ кассалық чектің мазмұнына қойылатын талаптарды сақтауды, тіркеу карточкасындағы мәліметтерді уақтылы өзгертуді және заңнамада көзделген негіздер бойынша машинаны есептен шығаруды қамтиды.

    📍 Маңызды! Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ БКМ қолданады. Қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен төлем терминалдары деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-мен жабдықталуға тиіс.

    ℹ️ Фискалдық деректер операторларына қойылатын талаптар, сондай-ақ үш компонентті интеграцияланған жүйені орнату және қолдану тәртібі уәкілетті органдармен белгіленеді.

    ✅ Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау ақшалай есеп айырысулардың ашықтығын және операциялардың тиісті есебін қамтамасыз етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары