ІЖҚ рәсімдеу және ЭШФ “Виртуалды қойма” модулін пайдалана отырып жазып беру талаптарын қолдану мерзімдері туралы

    Қарағанды облысы бойынша МКД тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (ІЖҚ) рәсімдеу және «Виртуалды қойма» модулін пайдалана отырып, электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру талаптарын қолдану мерзімдері туралы хабарлайды.

    📅 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығымен бекітілген Тізбенің 8 және 9-тармақтарында көзделген тауарларға қатысты ІЖҚ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру талаптары күшіне енеді.

    📄 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 бұйрығының 3-тармағына сәйкес, тауарларға арналған ең төменгі баға деңгейі мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тоқсан сайын, айдың 15-інен кешіктірілмей есептеліп, жарияланады.

    ⚠️ Осыған байланысты, төмендегі талаптарды назарларыңызға саламыз:

    🔹 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ІЖҚ рәсімдеу және «Виртуалды қойма» модулін жүргізу жөніндегі талаптар қолданыстағы ең төменгі бағалар тізбесіне (ЕБТ) енгізілген тауарларға, атап айтқанда:

    15 тауар тобына (ТН СЭҚ 89 коды);
    ауыл шаруашылығы өніміне – бидайға (ТН СЭҚ 4 коды) қолданылады.
    🔹 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕБТ тізбесіне қосымша енгізілген тауарларға қатысты тиісті талаптар қолданыла бастайды:

    38 тауар тобы (ТН СЭҚ 941 коды).
    📌 Бұл мерзім 2027 жылдың I тоқсанынан бастап жаңартылған ең төменгі бағалар тізбесін қолданудың басталуына байланысты белгіленген.

    ❗ Салық төлеушілерден көрсетілген мерзімдерді ескеріп, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген талаптарды, атап айтқанда тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу, электрондық шот-фактураларды жазып беру және «Виртуалды қойма» модулін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындауды сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары