Алматы қаласының Әуезов ауданында қазақ тіл білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаев және Рәбиға Сыздықтың есімдері берілген көшелердің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға академиктер, ғылыми қауымдастық пен қоғам өкілдері қатысты. Жиын барысында ғалымдардың ғылыми мұрасы, қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Жаңа көше атаулары:
«Мамыр-4» пен «Мамыр-3» шағынаудандарының арасындағы №1 көше – Әбдуәли Қайдар көшесі;
«Мамыр-4» шағынауданындағы №2 көше – Шора Сарыбаев көшесі;
«Мамыр-1» мен «Мамыр-2» шағынаудандарының арасындағы №3 көше – Рәбиға Сыздық көшесі.
Аталған бастама көрнекті ғалымдардың есімдерін ұлықтауға, ғылыми мұрасын насихаттауға, тарихи жадыны сақтауға және өскелең ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








